Алматы облысында жол апатынан бір кісі оқиға орнында қаза тапты

Алматы облысында көлік жүргізушісі жол апатынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 ақпан 42 жастағы Seat Toled автокөлігінің жүргізушісі Талғар ауданының Қайнар ауылында басты жолға шығып, Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

Seat Toledo көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Талғар ауданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық қажетті сараптама тағайындалды".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!