Шекара қызметінің экс-басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Шекара қызметінің экс-басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Фото: gov.kz

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауға алуды бір айға ұзартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 ақпандағы хабарламасы бойынша сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды және Д. қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін бір ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 22 наурызға дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталғаны туралы хабарланған еді.

"2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану дерегі бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н.Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген еді хабарламада.

Дархан Ділманов былтырғы сәуір айының басында ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2015 жылдың шілдесінен бастап атқарды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан