"Ішек-сілем қатты". Тойдағы ойын жұртты күлдірді

"Ішек-сілем қатты". Тойдағы ойын жұртты күлдірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде тойда түрлі түсті қалпақ киіп, ойынға қатысқан жігіттердің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойынның шарты бойынша, алты жігіт түрлі түсті қалпақ киеді. Асаба бір дегенде әркім өз қалпағын, екі дегенде алдында тұрған адамның қалпағын ұстау керек, ал үш дегенде қалпақты ауыстырып үлгеру керек. Үлгермегендер келесі айналымға қатыспайды. 

TikTok-та бұл видео 400 мыңға жуық қаралым, 20 мыңнан аса лайк жинаған. 

@zh_ilyas #той#2часть#свадьба#рек@Azeke #abudabi ♬ оригинальный звук - Жарылкасынов Ильяс

Желі қолданушылары ойынды талқылап, түрлі пікір қалдырған. 

"Күшті ойын екен", "Ішек-сілем қатып күлдім", "Аяғында қалпаққа таласты ғой", "Күлкіден өлдім", "Терісін сыпырып алды ғой", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек