Журналист Вадим Борейко әріптесінің екі көлігі жарылғанын мәлімдеді

"Гиперборей" Youtube-арнасының авторы, журналист Вадим Борейко әріптесінің екі көлігі жарылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook-парақшасында бөлісті. 

"20 ақпанда операторымның үйінің маңында екі көлігі жарылып кетті", - деп жазған ол.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Алматы Ішкі істер департаменті өкілдері соталды тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиіс сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр. ҚР АҚДМ тарапынан журналистік қызметке кедергі келтіруге жол берілмейді және барлық қажет көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін журналист Вадим Борейко үйіне әлдекімдер шабуыл жасағанын мәлімдеген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!