1,3 миллион теңге: Қайтарымсыз грант алуға өтініш қабылдау басталды

1,3 миллион теңге: Қайтарымсыз грант алуға өтініш қабылдау басталды
Фото: openbusiness.ru

Бүгін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады, - деп хабарлайды Qazaqstantv. 

20 ақпанда business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады.

Мемлекеттік грант сомасы - 1 миллион 380 мың теңге. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Ел бойынша бірінші ағында 2577 грант беру жоспарланып отыр.

Қайтарымсыз қаржы алуға кімдер үміткер бола алады?

  • тіркелген жұмыссыздар; 
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:

  • Мүгедектігі бар адамдар;
  • Қандас мәртебесін алғандар;
  • Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;
  • Аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
  • Көпбалалы отбасының мүшесі (жұбайы, зайыбы);
  • Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы, зайыбы);
  • Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар.

Үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуға тиіс.

Қайтарымсыз грант алуға өтініш беру үшін:

  • Business.enbek.kz порталында тіркелу керек;
  • Грант алу шарттарының сәйкестігіне тексеруден өту қажет;
  • Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтырып, порталға енгізу керек;
  • Өтініш нысанын толтырып және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек