"Өлдім деп ойладым". Танымал қазақстандық виолончелист жол апатына түсті

"Өлдім деп ойладым". Танымал қазақстандық виолончелист жол апатына түсті

Танымал қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь жол апатына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Бағжан Октябрьдің өзі Instagram-парақшасында айтты. 

"Ойламаған жерден көлік апатына түстім. Дәл сол уақытта өлдім деп ойлаған шығармын. Бір талып тұрдым. Есігімді басқа кісілер ашып жатты. Есік қысылып ашылмай қалды", - дейді виолончелист. 

Оның сөзінше, жол апатынан кейін бір жақ бетін сезбей, құлағы естімей қалған. 

"Ояна салып бірінші ойлағаным - қолдарым. Қолым аман болса екен деп тіледім", - дейді Бағжан Октябрь. 

Виолончелистің сөзінше, ол көлігіндегі қорғау жастығының арқасында аман қалған. 

Бағжан Октябрь қазір жағдайы жақсы екенін, бірақ жол апатына өзі кінәлі екенін айтады. 

"Былай қарасаң қатты соққы емес. Бірақ екінші көлік мені соққанда тежегішті баспаған. Мен 2-3 метрге ары жылжып кеттім. Бірақ соғылған кезді ұмытпаймын, әр секунды есімде", - дейді виолончелист. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина