"Сүйінші!" Роза Рымбаеваны әріптестері құттықтап жатыр

Халық әртісі Роза Рымбаева немерелі болды. Өнер иесін әріптестері желіде құттықтап, халықтан сүйінші сұрап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесін әріптесі Мақпал Жүнісова желіде құттықтады.

"Роза Қуанышқызы, қуанышыңыз құтты болсын! Әже болуыңызбен, бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын", - деп жазды Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында.

Бұл жайында Роза Рымбаеваның өнердегі әріптесі әрі әнші Ерлан Көкеев де өзінің жеке парақшасында жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Құттықтаймыз! Роза Рымбаева немерелі болды", - деп жазды Ерлан Көкеев.

Марал Анарбек те халықтан сүйінші сұрады.

"Сүйіншіі ағайын!!! Қымбатты Роза Қуанышқызы ӘЖЕ атанды!!!", - деп жазды ол инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, алайда бұл жаңалықты Роза Рымбаева да, ұлы Әли мен келіні Ақерке де әлеуметтік желіде бөліспеген.

Бірақ әлеуметтік желіде Роза Қуанышқызы мен Әли Оқаповтың оқырмандары парақшаға пікір қалдырып, жаңа туған нәрестеге "Бауы берік болсын" деп жарыса жазуда.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!