Жамбыл облысында 2,5 айдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Жамбыл облысында 2,5 айдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысы үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

30 жастағы ер адам Байзақ ауданынан табылды.

"Күдіктіге 2022 жылдың 2 желтоқсанында іздеу жарияланған болатын. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Яғни үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - деді Әлім Бажықбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина