Абай облысында тасжолдың екі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді

Абай облысында тасжолдың екі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді
Фото: Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Боран мен жол бойындағы көрінудің төмендеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" тасжолының екі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай өңірі бойынша Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін және ШҚО бойынша Абай өңірінің шекарасынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралықтар жабық.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина