Жарнаманы уақытынан бұрын ілген. Amanat партиясы Қарағандыдағы баннерге қатысты түсінік берді

Жарнаманы уақытынан бұрын ілген. Amanat партиясы Қарағандыдағы баннерге қатысты түсінік берді

Amanat партиясы Қарағандыдағы баннерге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды қаласында AMANAT партиясының бірнеше үгіт-насихат баннері ілініп, сайлау туралы заңнамаға қайшы екені туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған.

"Сыртқы жарнаманы уақытынан бұрын ілу фактісі Қарағанды қаласы бойынша қызмет көрсетуші Reklama city және "БИРСК" ЖШС компаниялары тарапынан болған. Бұл  заңбұзушылық сағат 15:00-де партияның облыстық филиалымен анықталып, 30 минут ішінде материалдар алынып тасталды", - делінген хабарламада. 

Партия өкілдерінің мәліметінше, Reklama city және "БИРСК" ЖШС компанияларының бұл әрекеті заң мен келісімшарт міндеттерін өрескел бұзу екенін атап өтті.

"Келісімшартта көрсетілгендей, үгіт-насихат материалдарының бәрі Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша 2023 жылдың 18 ақпаны күні сағат 18:00-ден бастап ілінуі тиіс. Партия өз кезегінде сот органдарына жүгініп, қызмет көрсетуші компаниялармен келісімшартты біржақты үзеді", - деді партия өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина