Орал маңында былтырдан бері мал ұрлап жүрген екі тұрғын ұсталды

Орал маңында мал ұрлаумен айналысқан екі тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы каналының хабарлауынша, 2023 жылғы 16 ақпанда сағат 06:00 уақыт шамасында Серебряков ауылы маңында бірнеше қылмыс жасаған 1990 және 1987 жылы туған екі азамат ұсталды.

Олардың көлігінен Ақжайық ауданының Ілбішін ауылынан ұрлап әкеткен бір ірі қара малдың еті, балта, арқан және 3 пышақ табылды.

 Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерілген. Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарында 2022-2023 жылдары бұған дейін жасалған тағы 5 мал ұрлығы фактісіне қатысы бары анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!