Есірткіні бас киіміне жасырып, шекарадан өтпек болған

Есірткіні бас киіміне жасырып, шекарадан өтпек болған

Түркістан облысындағы "Жібек жолы" өткізу пунктінде шекарашылар мен қызметтік ит тыйым салған затты Қазақстанға алып кірмек болған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Пират атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан орта жастағы ер адамның бас киіміне белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады.
 
Полицейлер күдіктінің өзбек азаматы екенін анықтаған. Ер адамның бас киімінің ішінен жылтыр қағазға оралған күмәнді 6 дана есірткі затына ұқсас дәрі табылды. Тәркіленіп алынған зат бірден сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша таблеткалар 2 грамға жуық "3,4 метилендиоксиметамфетамин" (МДМА) болып шықты.
 
Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Күдікті қамауда.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан