Заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Алматыда танымал заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокуратура Асанованы өлтіру дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша Алмалы ауданы полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады. Прокуратураның келісімі бойынша, оның бұрынғы күйеуі Н. күдікті деп танылған, содан кейін соттың санкциясымен қамауға алынды.

14 ақпанда Алмалы ауданының прокуратурасы қылмыстық істі соттың қарауына жіберді.

Еске салайық, 42 жастағы әйелге 2022 жылдың 8 қазанында сағат 23:00 шамасында Алмалы ауданында шабуыл жасалған. Әйел пышақ жарақаттарын алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. 12 қазанға қараған түні ол қаза болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!