Тәжікстанда қар көшкіні жүріп, 20 адам қаза болды - БАҚ

Тәжікстанда қар көшкіні жүріп, 20 адам қаза болды - БАҚ
Фото: Көрнекі сурет: hotnews.ro

Тәжікстанда көшкін жүріп, 20 адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, бірнеше халықаралық басылым Тәжікстанда көшкін салдарынан 20 адам қаза болғанын жазған. 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмоновқа көңіл айтты.  

Айта кетейік, 17 ақпанда Қырғызстанда да қар көшкіні болған. 24.kg мәліметінше, оқиға Иштамберды кен орны аймағында болған. Үш қызметкер зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілді. 

Одан бөлек, қызметкерлер тұратын жатақхана ғимаратына зақым келген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина