Медеуде жаппай сырғанау уақытша тоқтатылады

Медеуде жаппай сырғанау уақытша тоқтатылады
Фото: tengrinews.kz

"Медеу" мұзайдынында жаппай сырғанау уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Медеу" мұзайдынының Instagram-парақшасында хабарланды. 

"21-24 ақпан аралығында "Медеу" биік таулы мұзайдынында жеке командалық біріншілікте конькимен жүгіруден ҚР Кубогы өтеді. Осыған байланысты "Медеу" мұзайдынында жаппай сырғанау 18-24 ақпан аралығында тоқтатылатыны ескертіледі", - делінген хабарламада. 

Кубокқа Астана мен Алматы және елдің 7 өңірінің өкілдері қатысады. 21-22 ақпанда Қазақстан Республикасы Кубогының финал кезеңі, ал 23-24 ақпанда командалық старт өтеді. Жарыс күндері "Медеу" кешеніне жанкүйерлер үшін кіру тегін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Медеу» мұз айдынына 50 жыл! ? (@medeu_official)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек