"Балжан Бидаш жеңеше, Ерке Есмахан келін болды". Оралдық әзілкештің әзілі Желіні күлдірді

"Назар аудар" театрының белді актері Ақболат Өтебай Bokey бағдарламасына берген сұхбатта шоу бизнестің қазаны Оралда қайнап жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Алматыда қазір шоу-бизнес тыныш. Ол барлық жаңалық Оралда екенін айтты.

"Оралда биыл урожай болып кетті. Мысалы, Aii official келді, сосын Разиюшаны Есентай Оралдың келіні етті. Одан кейін Жахан Отарғалиев ағамыз, ол да Kesh You тобының қызын алды ғой. Бізден кіші қызды алып, жеңге қылып қойды, сосын Райм алды да бізден үлкен қызды келін қылып қойды. Шоу бизнестің бәрі Оралда дамитын сияқты. Жақында Алматыдан Оралға көшеміз бәріміз", - дейді актер.

@erganat.bokey Оралда биыл уражай!? #еркеесмахан #орал #разиюша #aiiofficial #еркерайм #раймерке #акболатутебаев #жайдарман #жайдарман2023 #назараудар #маганназараудар ♬ оригинальный звук - Erganat Bokey

Одан бөлек актер сұхбатта "Назар аудар" театры таспалаған "Маған Назар аудар" фильмінің желісін бөлісті. Фильм 2023 жылғы 23 ақпанда Қазақстанның барлық кинотеатрынан көрсетіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!