Шымкент пен Түркістанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша пәтер табыла ма?

Шымкент пен Түркістанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша пәтер табуға бола ма? Бұл қалаларда кейінгі жылдары пәтер көп салынып жатыр, бірақ Krisha.kz қаладағы барлық тұрғын үй кешеніне талдау жасап, мемлекеттік бағдарламаның барлық талабына сәйкес келетін баспана табу өте қиын екенін анықтады.

25 миллион теңгеге дейін дайын пәтерлер

"7-20-25" шарты бойынша тек жаңа пәтерлер бастапқыда, құрылыс салушыдан қатаң түрде пайдалануға берілген тұрғын үй кешенінде есепке алынады. Бұл ретте баға Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион теңгеден, Қарағанды, Түркістанда 20 миллион теңгеден, басқа облыстарда 15 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Несиені 25 жылға, жылдық 7 пайызбен, 20 пайыз бастапқы жарнамен алуға болады.

Шымкенттегі "7-20-25" бағдарламасы бойынша пәтерлер

Krisha.kz мәліметінше, Шымкентте бұл бағдарлама бойынша қолайлы нысандар табылмаған. Байланыс орталығы операторларының айтуынша, дайын тұрғын үй кешендеріндегі қолжетімді пәтердің барлығы сатылып кеткен. Қалғандары салынып жатыр.

Түркістандағы "7-20-25" бағдарламасы бойынша пәтерлер

Түркістанда мемлекеттік бағдарламаның шарты бойынша баспананың максимал құны - 20 миллион. Krisha.kz бірнеше қолайлы нұсқасын тапқан.

Астана мен Алматыда "7-20-25" бойынша пәтерлер жоқ.

Бұған дейін Krisha.kz Алматы мен Астанадағы нарыққа шолу жасаған болатын. Мегаполистерден бағдарлама шарттарына сай пәтер табу мүмкін емес: бағдарлама бойынша Алматыда небәрі 5, Астанада 8 пәтер бар.

Тұрғын үй құны шектен аспайтын тұрғын үй кешенінің көпшілігі әлі салынып жатыр, пайдалануға берілген пәтерлер не сатылып кеткен, не құны 25 миллион теңгеден асып кеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!