Қазақстанда ішімдіктен бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды

Маңғыстау облысы Баянды ауылында алкоголь сатылымынан бас тарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар орталығында айтылды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Мұнайлы ауданы Баянды ауылында атқарушы билік, құқық қорғау органдары мен ауыл кәсіпкерлері өкілдері алкоголь өнімдерін сатуға және сатып алуға жол бермеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"Меморандумның мақсаты - Баянды ауылында мас күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ, елді мекенді үлгілі ауыл ретінде ұсыну", - деп түсіндірді аудан әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл бар екені хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!