Түркияда ер адам үйінді астында сілекейін алты айлық баласына жұтқызып, құтқара алмаған

Түркияда ер адам үйінді астында сілекейін алты айлық баласына жұтқызып, құтқара алмаған

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін тоғыз күн өткен соң үйінді астынан аман шыққан Мухаррем Полат алты айлық ұлын қалай құтқаруға тырысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі anadoly-ға сілтеме жасап.

Ер адам әйелімен бірге жер сілкінісінен кейін 202 сағат өткен соң, тоғызыншы күні Кахраманмараштағы үйінді астынан табылған.

Полат отбасымен үйінді астында тамақсыз қалған. Олар вазелин тауып алған. Әйелімен бірге оны жеуге тырысқан, бірақ жей алмаған.

Бір кезде әйелінен сүт шықпай қалған, сол кезде Мухаррем ұлын сілекейімен тамақтандыруға тырысқан.

"Бесінші күні үйінді астында Мұхаммет Алпарслан (ұлы) шыдай алмады. Мен оның импульсін тексеріп, жүрегін тыңдап көрдім", - дейді әкесі.

Осылайша, ол ұлының таңертең қайтыс болғанын білген.

Еске салайық, бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісі кезінде үйінді астына қалып, кейін аман қалған 28 жастағы фармацевт Гизем Озканның оқиғасы туралы жазған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан