Астанада екі тұрғын қоқыс жәшігін ұрлап, 50 мың теңге өткізіп жіберген

Астанада екі тұрғын қоқыс жәшігін ұрлап, 50 мың теңге өткізіп жіберген
Фото: видео скрині

Астананың екі тұрғыны үйдің ауласынан қоқыс жәшігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қоқыс жәшігін ұрлауға қатысы бар деген күдікпен 39 және 47 жастағы екі ер адам анықталды.

Тергеу нәтижесінде олардың құрылыс материалдарын жеткізумен айналысатыны белгілі болған. Олар Қабанбай батыр даңғылындағы үйдің ауласында бос қоқыс жәшігін байқайды. Оны көлікке тиеп, жақын жердегі метал қабылдау пунктіне апарған. Ұрланған затты 50 мың теңгеге өткізген.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрлыққа қатысы бар адамдар кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан