"Бишілерден артық". Тойда билеген ер адам Қазнетті тәнті етті

"Бишілерден артық". Тойда билеген ер адам Қазнетті тәнті етті

Кейінгі кезде тойға келген қонақты бишілердің қимылын қайталатып билету трендке айналған. Желіде видеосы тараған тойлардың бірінде ер адам биші қыздардан қалмай, олардың қимылдарын айнытпай қайталайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан ер адам бір ғана музыкаға емес, бірнеше әнге билегені көрінеді.

"Бажа тойды жыртты. Тойға келген әрбір қонақ осылай көңілді болса ғой", - делінген жазбада.

@zhanaromirbay

♬ оригинальный звук - Жанар Омирбай

Желі қолданушылары видеодағы ер адам қыздардан артық билегенін жазған.

"Күшті биледі, өзіне жарасты", "Музыканы сезініп тұр", "Бажаңа ұзақ ғұмыр тілеймін, жарайсың", "Бишілерден артық биледі", "Үйретуші осы кісі ғой деймін", - деп жазған пікір білдіргендер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова