"Қайта оралуға болмайтын адамдар бар". Желі қолданушылары Жұлдыз Абдукаримова ажырасып кетті деп топшылады

Танымал тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова Instagram-парақшасында жұртты ойландыратын жазба жариялады. Ол өлең жолдарын жазған. Онда қоштасуға тура келетін жағдайлар болатыны, қайта орала алмайтын адамдар болатыны айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жолдар бар, жалғыз жүріп өтетін
Сәттер бар, соңғы нүктені қоятын
Жағдайлар бар, қоштасуға тура келетін
Адамдар бар, қайта оралуға болмайтын!" - деп жазған ол Желіде.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі мұны актрисаның отбасылық өміріне байланыстырып, Қайрат Нұртаспен ажырасып кеткенін айтып жатыр.

"Байтал шауып бәйге алмайды деген бар емес пе? Жұлдыз ақылды, ондайға жол бермейді. Сен Қайратпен сыйлысың, сүйкімдісің, соны ойлаған жөн болар", "Жұлдыз бен Қайрат татуласып үлкен үлгі алардай отбасы болсыншы, алтын қыздары, ұлдары бар деп көретін едім, бәрібір екеуі бірге болмайтын сияқты ғой", "Жұлдыз не болды? Бөлек кеттің бе? Түсіне алмадық қой", - дейді пікір білдіргендер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!