"Бағымды сынап, бәйгеге түсемін". Нұрлан Албан өзін депуттаттыққа ұсынды

"Бағымды сынап, бәйгеге түсемін". Нұрлан Албан өзін депуттаттыққа ұсынды

Әнші Нұрлан Албан өзін Парламент депутатына үміткер ретінде ұсынып, барша Қазақ елінен қолдау күтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы өзінің instagram-парақшасында жария етті.

"Құрметті бауырлар, ниет етіп мен бір үлкен іске қадам жасадым. Бұл ақпаратты естігенде біріңіз мақтарсыз, біріңіз даттарсыз. Мені жақсы көретін ел-жұрттың, дос-жаран, ағайын-бауырлардың ұсынысымен алда келе жатқан үлкен науқан, сайлауға мен де қатысып, бәйгеде бағымды сынасам деп шештім. Бүгін бірмандатты жүйе бойынша өзімді-өзім ұсынып, Қазақстан Республикасы Парламент депутатына кандидат екенімді растайтын куәлік берілді",- дейді әнші.

Әнші ешқандай партияға мүше еместігін айтты. 

"Мен ешқандай партияда мүше емеспін және бұл жауапкершіліктің жоғары екенін, қаншалықты қиын екенін, қаржылай жағынан да оңай соқпасын білемін. Мені жақсы көретін дәулетті аға-апаларым көмек, қолдау көрсетемін десе, қарсы емеспін. Ең бастысы, тілекші болыңыздар, - деді Нұрлан Албан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????????? ?????? | ?????? ????? (@nurlanalban)

Өнер иесінің оқырмандары әншіні қолдайтынын айтты. 

"Даттамаймын тек жақтаймын. Сәттілік тілеймін", "Біздің елге осындай депуттар керек, Қолдаймын!" "Тек алға! Тілекшіміз аға!", "Нұрлан аға сізді қолдаймын!", - деп пікір қалдырыпты оқырмандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы