Назарбаев сайтының домені Елбасы туралы заңнан кейін өзгерді

Назарбаев сайтының домені Елбасы туралы заңнан кейін өзгерді
Фото: Nazarbayev.kz

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтындағы Elbasy.kz домен атауы Nazarbayev.kz деп өзгертілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Енді мекенжай жолағына Elbasy.kz деп терсе, пайдаланушы автомат түрде Nazarbayev.kz сайтына бағытталады.

Сайт та өзгерген. Бұрын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылса, енді одан "Елбасы" сөзі алып тасталған.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек