Маңғыстауда былтыр із-түзсіз жоғалған үш баланың анасына қатысты дерек шықты

2022 жылғы қыркүйекте жоғалып кеткен Маңғыстау облысының тұрғыны Жания Абдуллаева табылды. Бұл туралы ақпарат сәрсенбі, 15 ақпанда LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2022 жылғы 29 қыркүйекте Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы 27 жастағы үш баланың анасы ауруханадағы жұмысына үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен. Жоғалған күні ол Бейнеу-Маңғыстау пойызына билет сатып алған.

Туыстары Жәнияны іздеуге тұрғындар мен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

Еріктілер жоғалған әйелдің қалай табылғаны туралы нақтыламады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!