Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 ақпанда Атырау-Индер тас жолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан.

"Салдарынае Lada Granta автокөлігінің 1997 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында, 1962 жылы туған жолаушы ауруханада қаза тапты. Toyota көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Соққыдан кейін Toyota өртенген, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы каналы.

Аталған дерекке қатысты аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!