Алматыда Әл-Фараби даңғылы уақытша жабылады

Алматыда Әл-Фараби даңғылы уақытша жабылады
Фото: arnapress.kz

19 ақпанда Алматыда Әл-Фараби даңғылы Winter Run 2023 үшін жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы марафонын" ұйымдастырушылар 19 ақпанда таңғы сағат 4-тен 12-ге дейін Winter Run 2023 бағыты бойынша көлік қозғалысы жартылай жабылатынын хабарлады.

Жүгіру "Нұрлы-Тау" бизнес орталығынан басталады. Қатысушылар Әл-Фараби даңғылы бойымен Гагарин даңғылына дейін жүгіріп, одан "Нұрлы-Тауға" кері қайтады.

Әл-Фараби даңғылы учаскелері әртүрлі уақытта жабылады:

  • Назарбаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыстың солтүстік жағы – сағат 4-тен сағат 12-ге дейін;
  • Желтоқсан көшесінен Esentai Mall-ға дейін – сағат 7:40-тан 11-ге дейін;
  • Esentai Mall-дан Гагаринге дейін – сағат 8:30-дан 10:40-қа дейін;
  • Әл-Фараби даңғылы бойындағы Меңдіқұлов тұсынан өтетін туннельге кіру 4:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы ашық әрі көлік қозғалысы еркін болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек