ҰБТ-дан 50 балл жинағандар әскери оқу орындарына түсе алады

ҰБТ-дан 50 балл жинағандар әскери оқу орындарына түсе алады
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

ҰБТ-дан 50 балл жинағандар әскери оқу орындарына түсе алады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери институттарға қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асады:

1-кезең - кәсіби-психологиялық іріктеу;

2-кезең - әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

3-кезең - дене дайындығын тексеру;

4-кезең - конкурстың іріктеу және қабылдау.

Оқуға түсушілерге конкурстың әр кезеңінен өтуге бір ғана мүмкіндік беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген талапкер келесісіне жіберілмейді.

"Әскери институттарға түскісі келетін талапкерлер құжаттарын 30 сәуірге дейін тапсыруы керек. Өтініш жергілікті әскери басқарма бастығының атына жазылады. Денсаулық жағдайы жарамды, ҰБТ-дағы бес пәннен 50 балдан жоғары, оның ішінде бейіндік пәндерден 7 балдан, қалған пәндерден 4 балдан жоғары жинаған талапкер әскери институтқа келіп, 15-20 шілде аралығында құжат тапсыруы керек", - деді Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Қабылдау кезінде талапкерлер әскери институттар аумағында тұрады және оларға тегін тамақ беріледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан