Ертең бірнеше өңірде көктайғақ пен тұман болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 15 ақпанда республиканың бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман болады.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында қар, түнде таулы аудандарында қалың қар, 16-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, таңертең және күндіз 16-17 ақпанда қатты жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр соңы қарға ауысады. 14-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, 14 ақпанда күндіз тау асуларында, 15-16 ақпанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, 17 ақпанда батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с. 15-17 ақпанда күндіз ауа температурасы 7-12 градус жылы.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні - 18 м/с.

16 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарда қатты қар, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 15-17 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 17 ақпанда екпіні 23 м/с болады. 
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!