"Он күн сапарлап қайтасыздар". Түркістан облысында алаяқ қырық адамды алдаған

"Он күн сапарлап қайтасыздар". Түркістан облысында алаяқ қырық адамды алдаған

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындары "Меккеге апарамын" деген алаяққа алданып қалғандарын айтып, жергілікті полицияға шағымданған. Олардың сөзінше, белгісіз адам олардың әрқайсынан 10 күндік сапарға барып-қайту ұшақ билеті, қонақ үй мен тамаққа 500 мыңға жуық ақша алған. Алайда ол ұшты-күйлі жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әр адам Қажылық компаниясы өкіліне 423 мың теңгені санап тұрып қолына ұстатқан. Олар "он күн сапарлап қайтасыздар, ұшу билеті де, тамағы да осының ішінде" деген. Ақшаны алған соң әлгі өкіл телефонын сөндіріп, ұшты-күйлі жоғалған", - дейді Сайрам АПБ тергеу бөлімінің бастығы Ержан Кенесарин.

Бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алынды. Қырыққа жуық адам бір мезетте алаяқтан зардап шеккендіктен, сайрамдық тәртіп сақшылары дереу күдіктіні іздеуге кіріскен. Кейін күдікті анықталған. Жедел уәкілдер оны Алматы қаласынан ұстаған. Ол Жетісу облысының тұрғыны болып шыққан.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 11 миллион теңге болады. Бүгінде полиция күдіктінің 14 алаяқтық іске қатысы барын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Мерей Матай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова