Павлодар облысында жұмыртқа мен көкөніс себепсіз қымбаттаған

Павлодар облысында жұмыртқа мен көкөніс себепсіз қымбаттаған

Екібастұздағы ірі сауда үйлерінде жұмыртқа мен көкөніс айтарлықтай қымбаттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы тексеріс кезінде қант, сүт, жарма және ұн өнімдері бағасы көтерілгені белгілі болды. Мәселен, Павлодарда жұмыртқаның 10 данасы шамамен 550 теңге болса, Екібастұзда 630 теңгеге жеткен.

"Өңір билігі сауда үйі иелерімен келісімге келіп, бірқатар тауарға әлеуметтік баға белгіледі", - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, нәтижесінде жұмыртқаның 10 данасы 551 теңгеге, пияздың бір келісі 281 теңгеден 161 теңгеге, картоп 140 теңгеден 124 теңгеге, ал сәбіз 134 теңгеден 103 теңгеге түскен.

Сонымен қатар, 95 теңгеден сатылатын әлеуметтік нан бағасы бойынша да уағдаластық орнаған. Екібастұз әкіміне әр сенбі сайын өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде арзан бағада сүт сатуды ұйымдастыру тапсырылған.

"Бұдан былай әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауда болады", - дейді Екібастұз әкімі Аян Бейсекин. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова