Атырау облысында трактормен қар тазалап жүрген ауыл әкімі Қазнетті тәнті етті

Атырау облысында трактормен қар тазалап жүрген ауыл әкімі Қазнетті тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Атырау облысы Дамбы ауылдық округі әкімінің трактор тізгіндеп, қар тазартқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

Видеодағы әкім - Ұзақбай Байзуллин. Ол Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. 

"Мен тракторист емеспін, бірақ көлік жүргізуші мамандығын меңгергем. 1980 жылдан бері көлік тізгіндеп келемін. Менің 1949 жылы туған ағам Бисенбай Байзуллин тракторист болған. Мектеп қабырғасында 3-4 сыныпта оқып жүргенімде ол өзінің тракторын үйдің алдына әкеліп қоятын. Сол кезде техникаға қызығушылығым ояна бастады. Сөйткен ағам 1972 жылы өмірден өтті", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ l АКТУАЛЬНЫЕ НОВОСТИ ? (@atpress.kz)

Қалаға қар жауғанда, 8 ақпанда, Ұзақбай Шораұлы тракторды өзі тізгіндеп, күні бойы ауыл көшелерін қардан күрегенін айтты.

"Алдымен трактор жүргізушісінен қарды қалай күреу керегін сұрап біліп алдым. Кейін түсініп алған соң рөлге өзім отырдым. Менің ойымша, әр азамат ел басына күн туғанда етігімен су кешуге де дайын болуы керек. Сол сияқты, мен де табиғи апат кезінде де қол қусырып қарап отыра алмадым", - дейді ол.

Желі қолданушылары әкімнің бұл ісіне тәнті болып, пікір қалдырған. 

"Ұзақбай аға - елдің адамы", "Жігітке жеті өнер де аз", "Ауылдастарым жететін жеріне аман есен жетші деп жүр!" - деп пікір қалдырған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек