"Арамыз дұрыс болмай қалды". "Меломен" тобы неліктен сахнадан алыстағанын түсіндірді

"Арамыз дұрыс болмай қалды". "Меломен" тобы неліктен сахнадан алыстағанын түсіндірді
Фото: Instagram

"Меломен" тобы "Мың бір түн" бағдарламасында қонақта болып, не үшін жиі көрінбей кеткендерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Топ мүшелерінің айтуынша, бұған бірнеше нәрсе себеп болған.

"Сахнаға келген ата-анамыздың батасын алып, махаббатпен құрылдық. Продюсер жан-жақтан жинап алып келіп құрған емес, өзіміз оқу қабырғасында жүріп құрылдық. Шынайы жүрекпен, таза көңілмен келгенбіз. Бірақ кейбір мәселелерде біраз жақтың соққылары да болды. Топтың шашылып кетуі, Жігер кетіп қалды. Продюсеріміз арамыз үзіліп кеткен кездер болды. 2014 жылы дұрыс болмай қалдық. Негізі, болмайтын нәрсе. Осының барлығына сырттан ықпал болған секілді. Нақты білмеймін. Өзіміздің де балалығымыз, шалалығымыздан болған шығар. Қазір бір апта, бір ай үндемей қалсаң, әншілер артыңнан қуып жетіп жатыр", - деді топ мүшелері.

Айта кетейік, "Меломен" тобының "Абайла, сұлу қыз", "Сені мені күт", "Айып етпе" секілді танымал әндері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова