Түркістан облысында 300-ден астам білім мекемесі аттестаттаудан өте алмаған

Түркістан облысында 300-ден астам білім мекемесі аттестаттаудан өте алмаған
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Түркістан облысында 300-ден астам білім мекемесі аттестаттаудан өте алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік атестаттауға былтыр жалпы 366 білім беру ұйымы тіркелген. Алайда оның 85 пайызы талапқа сай болмай шықты.

Атап айтқанда, бұл – 186 балабақша, 117 мектеп және 8 колледж.

"Мектеп, коледж мемлекеттік атестаттау нәтижесінде, анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде бару арқылы профилактикалық бақылауға түседі. Демек, департамент тарапынан бақылау жүрігізіледі. Сонымен қатар колледж мемлекеттік тапсырысты алу конкурсына қатысу мүмкіндігінен айрылады", - дейді облыс бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан