"Қазгидромет" бес өңірде күшті жел, тұман және көктайғақ болатынын ескертті

Республиканың бес өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда, Қызылорда облысында тұман, көктайғақ болады. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді. 

Ақтөбе облысында да тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүтік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20, түнде облыстың батысында кей уақытта 25 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!