Экология министрі Президентке орман ағашын заңсыз кесуге қарсы күрес күшейтіліп жатқанын айтты

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. Министр Президентке еліміздегі гидрометеорологиялық жағдай мен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, ведомство басшысы Президентке су тасқыны кезеңінде гидротехникалық нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндалды. Осы мақсатта министрлік Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тексеру жұмыстарын жуық арада жүргізуді жоспарлап отыр.

Жалпы, республика аумағында барлығы 1 806 гидротехникалық құрылыс  бар.  Жыл басындағы жағдай бойынша 1 322 гидротехникалық құрылыс ғимараты тексерістен өткен, 471 нысан жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді.

Сонымен қатар Зүлфия Сүлейменова броконьерлікке және орман ағашын заңсыз кесуге қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде орман шаруашылығын дамыту мәселесін пысықтап жатыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстарын бірлесе жүргізуі маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге барлық гидротехникалық құрылысты құжаттау және түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтау қажет екенін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!