Шөпшектің қолынан май жеген 99 жастағы қария жұртты тәнті етті

Шөпшектің қолынан май жеген 99 жастағы қария жұртты тәнті етті

99 жастағы атаның шөпшектің қолынан май жегені жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болды. Роликте 99 жастағы ата шөпшегінің қолынан май жегенін көруге болады. 

@elle.iskander

♬ оригинальный звук - elle.iskander

Видео 421 мыңнан аса қаралым жинаған. 20 мыңнан аса адам лайк басып, 500-ге жуық пікір жазылған. 

"Атамызға Алла күш-қуат, біздерге жасын берсін", "Керемет көрініс! Атаның өзі бала сияқты отыр", "Бұл недеген қуаныш, бұл недеген бақыт", - дейді Желі қолданушылары. 

Айта кетейік, қазақ халқында шөберенің алақанынан май жалау дәстүрі бар. Шөпшектің қолынан су ішкен адам жұмаққа барады деген түсінік бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина