Түркияда мародерлер қауіп төндіріп тұр. Қазақстандық құтқарушылар да елге қайта ма?

Түркияда мародерлер қауіп төндіріп тұр. Қазақстандық құтқарушылар да елге қайта ма?

Түркияда жер сілкінісінен кейін мародерлер қаптаған. Салдарынан шетелдік құтқарушылар Түркиядан кете бастаған. Ал қазақстандық құтқарушылар елге қайта ма? Tengrinews.kz тілшісіне ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

The Times of Israel мәліметінше, Израильдің United Hatzalah іздеу-құтқару тобына қарсы шабуылдар қаупіне байланысты алты күннен кейін елге қайта бастаған. Сонымен қатар, Австрия мен Германия құтқарушылары да мародерлердің кесірінен өміріне қауіпт төніп тұрғанын мәлімдеген. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкімет мародерлер мен басқа да қылмыскерлер қатаң жазаланатынын айтты. 

ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, қазақстандық құтқарушылар аймақта мародерлерге тап болмаған. 

"Қазақстандық құтқарушылар жергілікті билік пен консулдықпен үнемі байланыста. Жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Біздің құтқарушылар жер сілкінісі болған аймақтан әзірге елге қайтпайды", - дейді Иманқұлов. 

Бүгінде қазақстандық құтқарушылар Түркияның екі аймағында: Газиантеп пен Нурдагы қаласында құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина