Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны артты

Түркия мен Сирияның солтүстік-батысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Al Jazeera басылымына сілтеме жасап.

Түркияда жексенбіде қаза тапқандар саны 29 605-ке жетті, ал Сирияда 4 500-ден астам адам қайтыс болды.

Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жер сілкінісінен 150 сағат өткен соң Хатай провинциясында қираған ғимараттар арасынан бала құтқарылғанын айтты.

БҰҰ мәліметінше, жер сілкінісінен кейін Сирияда 5,3 миллионға жуық адам баспанасыз қалса, екі елде 900 мыңға жуық адам ыстық тамаққа мұқтаж.

Мемлекеттік ақпарат құралдары Сирия үкіметі зілзаладан зардап шеккен өз бақылауынан тыс аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізуді мақұлдаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!