"1345 адам зардап шеккен". Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

Алматыда қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі QI Trade Kazakhstan (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді. Олардың бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.

AMAZON (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған.

Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96 пайызға дейін пайда уәде етілген. Соның салдарынан компаниямен 6 миллиард теңгеден аса сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген.

Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды. Нәтижесінде, Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!