Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам өлі табылды

Алматыда жоғалып кеткен ер адам мен әйел адам өлі табылды. Істің мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер тобы Instagram-парақшаларында хабарлады. 

Лариса Козлова 1969 жылы туған, ол 6 ақпанда із-түзсіз жоғалып кеткен. Лариса үйінен шығып, оралмаған. 11 ақпанда өлі табылды. 

Атилла Элалды 1981 жылы туған. 11 ақпанда Алматыда үйінен шығып кетіп оралмаған ер адам келесі күні өлі табылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!