Түркістан облысында ауа райына байланысты 600-ге жуық жолаушы жолда қалды

Түркістан облысында ауа райына байланысты 600-ге жуық жолаушы жолда қалды

Түркістан облысы Түлкібас ауданы аумағында жол жабылып, 600-ге жуық жолаушы аялдап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Түлкібас ауданының Шақпақ-баба ауылы, А-2 "Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент" тасжолының жабық учаскесі алдында (593-632 шақырым, Жамбыл облысы-Машат елді мекені) 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды.

"Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.

Жұмысқа төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Сонымен қатар, жедел желі телефоны іске қосылған: 8 (7253) 357881", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова