Астанада тұрақтағы 10 көліктің дөңгелегін шешіп әкеткен ер адам ұсталды

Астанада ер адам тұрақта тұрған 10 көліктің дөңгелегін шешіп әкеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам тұрғын үй аулаларындағы тұрақты ұзақ уақыт бойы тұрып қалған көліктерді алдын ала байқап кетіп, қылмысын түнде жасап отырған.

Мысалға, Mersedes Benz автокөлігінен титан дискісі бар шиналарды ұрлап кетіп, иесіне 150 мың теңгеге шығын келтірген. BMW көлігінен де дөңгелектерін шешіп әкеткен.

Ұрланған заттарды метал қабылдау пунктіне және шина монтаждау орнына тапсырып отырған.

"Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде елорданың 30 жастағы тұрғыны анықталды. Қазір ер адам 10-нан астам көлікке ұрлыққа түсті деп күдіктелуде. Өз кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді.ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!