12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, циклон науқаны мен атмосфералық фронтальды учаскелер Қазақстанның басым бөлігіне әлі де өз ықпалын тигізіп, бұрқасынмен бірге қар күтіледі.  Республиканың батысында қар аралас жаңбыр жауады.

Тек солтүстік-батыста, солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың оңтүстігінде, батысында, шығысында жел күшейеді. Бүкіл республика бойынша тұман, батыста көктайғақ болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Батыста, солтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз солтүстікте, облыстың батысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова