ОСК Қазақстан халық партиясының партиялық тізімін тіркеді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы қаулысы жарияланды.

1. "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.

2. "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.

4. "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

5. "Қазақстан Халық партиясы" Қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!