"Үйінді астындағы адамдардың алтынын алып кеткен". Түркияда жер сілкінісінен кейін тонау көбейді

Түркия парламентінің депутаты Үміт Оздаг жер сілкінісінен кейін тонау көбейгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Известия IZ"

Оның айтуынша, көбі - сириялық мигранттар. "Известия" телеарнасы мәліметінше, адамдар үйінді астындағы адамдардың алтын бұйымдарды алып кетіп жатыр.

Бос дүкендер мен үйлерден тонаушылар азық-түлік, техника мен жиһазды алып кеткен. Көптеген адам бұған мәжбүрлі түрде барған, өйткені барлығына бірдей гуманитарлық көмек жетпеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!