Қырғызстанда жер сілкінісі болды

Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ "СОМЭ" сейсмикалық орталығына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, жерасты дүмпулер 10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 11:24-те болған.  

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 шақырым. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!