"Ешкім жауап бермейді..." Түркиядағы құтқарушылардың жантебірентерлік видеосы жұртты жылатты

Желіде Түркиядағы жер сілкінісі кезінде құтқарушылардың адамдарды құтқару сәтіндегі жантебірентерлік видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода құтқарушылар үйінді астында жатқан адамдарды іздеу үшін "Біреу бізді естіп тұр ма?" деп айғайлайды. 

Бірақ ешкім жауап бермейді. 

"Жүрегімді қан жылатты мына видео", "Қаза болғандар үшін дұға жасайық", "Түркиялықтар бұл қаралы күндерді ешқашан ұмытпайды", "Ешкім жауап бермейді...", - дейді Желі қолданушылары. 

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 21 мыңнан асты

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!