Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

2023 жылдың наурызында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні тек бір күн - сәрсенбі демалыс. 

Ал Наурыз мерекесінде (21-23 наурызда) қазақстандықтар үш күн демалады: 21 наурыздан 23 наурызға дейін. Бұл сейсенбі мен бейсенбі аралығы болмақ. 

2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

Сонымен қатар, наурызда оқушылар көктемгі каникулға шығады.  Ол 18-26 наурыз (қоса алғанда) аралығы.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!