Kinder кәмпитінде құрт бары рас па?

Kinder кәмпитінде құрт бары рас па?
Фото: kipmu.ru

Instagram әлеуметтік желісінде Kinder choco bons кәмпитінің құрамында құрттар бары айтылған видео тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz

Бұл видео Италияда түсірілген, кәмпиттердің қаптамасындағы ақпарат итальян тілінде жазылған. Видеоның авторы айтқан қауіпті ингредиент gommalacca немесе орыс тілінде "шеллак" деп аталады.

Видеодан алынған кадр 

"Шеллак" деп тырнақ бояуға арналған кез келген гель-лакты атайды. Шынында, бұл - Kerriidae тұқымдасына жататын жәндік-құрттардың қалдықтарының да атауы. Бұл - қатып қалған ағаш шайырына ұқсас алтын-қызыл түсті тығыз зат.

Kinder choco bons кәмпиттерінде шеллак кәмпиттің түрін сақтау және оны қоршаған ортаның әсерінен қорғау үшін қолданылады. Бұл ингредиент адам үшін қауіпті емес.

Өндіруші кәмпиттерге шеллак деп құрт қосады деген тұжырым дұрыс емес. Өйткені, мысалы, тамақ өнеркәсібінде балды пайдалану араларды жеумен бірдей емес, бірақ аралар - бал шығаратын жәндіктер.

Осылайша, әлеуметтік желілерде тараған балалар кәмпиттерінде құрттар бар екені туралы ақпарат жалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек